Семейде ер адам суға кетті
Қайғылы оқиға кеше, 12 маусым күні Восход кенті маңындағы тастанды карьерде орын алды
Сағат 16.00-де 101 арнасына жергілікті қазаншұңқырда 48 жастағы ер адамның суға батқаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Оның денесін іздеуге жетінші бөлімшенің құтқарушылары шықты. Бұрынғы керамзит зауытының тасталған карьерінде суға кеткен адамды іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Өкінішке орай, бұл жалғыз оқиға емес. Маусымның басында Семей су айдындарында бес адам суға батып кетті. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, балық аулап жүрген кезде жоғалған адамның денесі Озерка ауылындағы Солнечная поляна саяжайы маңында табылған.
Следующая →