Өскеменнің төрт кіре беріс қақпасына тұғыр орнатылады
Қала аты мен оның барлық көрнекі жерлері көрсетілген тұғыр қаланың шыға берісіндегі төр жолға қойылады
Жаңа мүсіндік композиция Шешек асуы мен Самар тас жолында пайда болатынын жазған болатынбыз. Енді тағы да Алматы, Семей, Самар, Шемонайха тасжолдары арқылы қалаға кіретін тұсқа орнатылады.
Тұғырға жарық шамдар қойылатындықтан қала атауы күндіз ғана емес, түнде де алыстан самаладай жарқырап көрінбек.