ШҚО-дағы коронавирус жұқтырған 9 науқастың сегізі – Семейден
Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 симптомы байқалған тоғыз адам анықталды
Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, вирус ПТР әдісімен Семей және Өскемен қалаларының тұрғындарынан расталған.
Науқастардың ішінде 7 адам Семей қаласының тұрғындары.
Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.
⠀
Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде.
⠀
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.
⠀
Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 224 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 93.
Следующая →
Науқастардың ішінде 7 адам Семей қаласының тұрғындары.
- Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар Семей қаласына тиесілі 3 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, ЖРВИ белгілерімен түскен 3 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 1 науқастан денсаулық жағдайына байланысты өз өтінішімен келген тұлға ретінде алынса, 1 науқас профилактикалық мақсатпен және ӨСОА белгілерімен түскен Өскемен қаласының тұрғыны нан мониторинг барысында анықталды, - делінген әкімнің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.⠀