Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Коронавирус инфекциясымен ауырған 5 адамның екеуі Семейден, үшеуі Шымкенттен келген

Естеріңізге сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясы симптомдары байқалған 5 адам тіркелді

- Ауру белгілері айқын топқа кірген науқастардың ішінде Семей қаласының тұрғындары, 1960 ж.т. әйел мен 1948 жылғы ер адам, қалған үшеуі 1997, 2000 және 2002 ж.т. Шымкент қаласынан Зайсан ауданына әскери борышын өтеуге келген ер азаматтар, - деп мәлімдеді облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 2 науқастан зертханалық талдаулар бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, қалған 3 науқастан профилактикалық мақсатпен скринингтік тексеру кезінде анықталды.

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Байланыста болған адамдарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін ТКҚСҚБ аумақтық басқармасының мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға қорытынды дезинфекция жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Осы уақыттағы жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 190 адам тіркелді. Сауығып шыққандар саны – 57.
Следующая →