ШҚО-да дәмханалар, қонақ үйлер мен демалыс базаларына карантиндік талаптар әлсіреді
Бірақ объектілердің толтырылуы жобадан 50% аспауы тиіс, демалушылар маскалық режим мен қашықтықты сақтауға міндетті
Жаңа қаулыға ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаилов қол қойды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Құжатта аймақтағы қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі үй-жайдың 50%-дан аспайтын толтырылуы және үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау шартымен рұқсат етіледі. "Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында CОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы" 20.06.2020 жылғы №13 қаулы Үржар ауданын қоспағанда, облыс өңірлерінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін өңір аумағында орналасқан және демалатын орындарда туризмнің рекреациялық және басқа да түрлерін 2020 жылғы 6 маусымнан бастап рұқсат етеді. Алайда олардың толтырылуы да жобалық сыйымдылықтың 50%-ынан аспауы тиіс.
- Үржар ауданының Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс және тұру орындарында демалушыларды орналастыруға жауапты адамдар міндетті түрде COVID-19 зерттеулерінен өту нәтижелері туралы анықтама (экспресс-тест, ПТР зерттеу) болған жағдайда ғана ескіру мерзімі өтпеген (нәтижелерді алған күннен бастап 7 күннен кешіктірмей) қоныстандыруды қамтамасыз етуі қажет, - делінген қаулыда. - Бір отбасы үшін оның мүшелерінің біріне зерттеу нәтижесі жеткілікті.
Рекреациялық аймақтарда демалушы адамдар бір отбасы мүшелерін қоспағанда - тұратын, ортақ пайдаланатын және адамдар көп жиналатын жерлерде маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты - кемінде екі метр қатаң сақтауға міндетті.