ШҚО-да полицейлер мас жүргізушіні ұстады
Облыс аумағында алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде рөлге отырған жүргізушілерді анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде
Республикалық маңызы бар Өскемен - Шемонаиха – РФ шекарасы тас жолында шамамен сағат 22.45-те Березовка ауылында полиция қызметкерлері 38 жастағы жүргізуші басқарған ToyotaVista маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, ер адам мас күйінде болған, бұл медициналық куәландырудың қорытындысымен расталған. Оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тексеру кезінде жүргізуші автокөлікті жүргізуші куәлігінсіз жүргізгенін анықтады.
- Жыл басынан бері ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының жеке құрамы көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 73 әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Калетаев.
Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды.