ШҚО-ның бір ауданынан бес тонна қоқыс жиналған
Ұлан ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жою бойынша "Таза жағажай" және "Бiрге таза Қазақстан" акциялары қарқынды жүріп жатыр
Шараның бастамашысы – Ұлан ауданының әкімдігі. Оған жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен ерікті табиғат жанашырлары белсене атсалысуда.
Тазалық акциясы көктем шыға басталып, күзге дейін жалғасады. Өйткені күн жылынғанда халық таза ауаға демалысқа жиі шығады. Жердің пайда болғанына қанша болса, тазалық мәселесі де сонша уақыттан бері өзектілігін жоймаған. Табиғат аясына демалысқа шыққандар отырған жерлеріне қоқыс, қалдықтарды тастап кете береді. Сол орынға өздері айналып келетінін естен шығарып жатады.
Ұлан ауданының ішкі саясаты мәлімдегендей, биыл еріктілер бес тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жинап алған.
Акцияға қатысушылар салақ адамдардың артынан жинап шаршаған. Айдалаға қалай болса, солай шашылған қоқыстың ұшы-қиыры да жоқ. Өйткені бірінің артынан бірі сабылып жүрген адам қарасы үзілер емес.
Следующая →

- Тұрғындардан өтінеріміз: табиғат аясына шыққанда қарапайым мәдениеттілікті сақтауды ұмытпаңыздар. Өзіңізбен алып келген заттың барлығын қайта өзіңізбен алып кету қажет, - деп ескертеді мекеме басшысы Нұрхат Садықов.