Өскеменде саяжайлар жиі өртенетін болған
Қаладағы өрт сөндірушілер саяжай аумағындағы үйлердің жиі өртке оранатындығына алаңдаулы
Мәселен, кеше ғана Куйбышев, 60 мекенжайындағы үй өртке оранды. От қатар салынған шаруашылық нысандарына да жеткен.
Кейін бұл үй иесіз екені анықталды. Сол үшін де ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығуына оттықты пайдаланудағы абайсыздық себеп болуы мүмкін. Негізінен өрт оқиғаларының басым көпшілігіне осындай себеп салдарынан шығады.

- Өрт қаупі артқан бұл маусым басынан бері апта сайын қаладағы саяжайларда өрт шығады. Аптасына 3-4 саяжай өртенеді. Алдын алу рейдтері халықтың қауіпсіздік шараларына салғырт қарайтындықтарын дәлелдеді. ҚР ӘҚтК 336-бабы 10-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылғандар бар, бірақ олар әзірге ескерту ғана алды, - дейді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.
Следующая →