Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Экстремалды көлік жүргізуді сүйетіндер өскемендіктерді шулатты

Полиция қызметкерлері ММҮ алаңынан бостандық пен карантиннің шектеу шараларының жеңілдегенінен есіріп жүрген 30 шақты дрифтерді қуып жіберді

Түн ортасында Квартал шағын ауданының тұрғындарының шырт ұйқысын көліктердің тормозы мен "ақырған" дыбысы, айғайлатып қосқан музыка бұзды. Тіпті оларды түнгі уақытта тыныштықты бұзғандарға айыппұл салынатындығы да тоқтатпады.

- Екі ай карантин уақытында ММҮ маңында полиция бекеттері тұрды, тыныш еді барлығы, - дейді Назарбаев даңғылы, 66 мекенжайында тұратын Ольга Иванова. – Басқа уақытта байкерлер мен дрифтерлер үнемі осылай мазамызды алады. Әсіресе түнгі уақытта жиналады. Жұмыстан кейін үйлеріне келіп демалғысы келетін тұрғындарға тыныштық бермейді. Үнемі тәртіп сақшыларын шақыруға мәжбүрміз.

Жұмадан сенбіге қараған түні де 102 арнасына хабарласқандар көп болды. патрульдік көліктер үш минуттың ішінде жетті. Ал бұзақыларды тарқату үшін бір сағат уақыт кетті. Куәгерлердің айтуынша, турбо көліктердің иелері полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсетіп, дауласқан.

- Түнгі тыныштықты бұзғандардың барлығы да жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі. – Жүргізушілерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Енді олар айыппұл төлеуге мәжбүр. Ал ішімдік ішкендері қамауға алынды.
Следующая →