Өскеменде тек екі орында суға түсуге рұқсат етіледі
Ол – Солжағалау кешеніндегі Көгілдір көл мен "Самал" экологиялық-спорттық саябағындағы өзен
Санаулы күндерден соң жадырап жаз келіп, маусымның бірінен бастап суға шомылу уақыты басталады. Облыс бойынша 2000-нан астам өзендер мен көлдер, су қоймалары бар.
Шығыстағы өзен-көлдер мен су қоймаларының жағасында 370 шомылатын арнайы орын бар, ал оның 60-тан астамында суға түсуге рұқсат етілмеген.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері рұқсат етілмеген шомылу орындарының тізімін жасады:
- Ертіс өзені, "Колос" және "Урал" жазғы саяжай аймақтары;
- Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ аумағындағы аралдағы тоған;
- Ертіс өзенінің сол жағалауы;
- Самар тас жолындағы тоған;
- Лесхоз ауылының су қоймасы;
- Ертіс өзені, Өскемен ГЭС-і;
- Ертіс өзенінің арнасындағы котлован;
- Бабкин диірменіндегі тоған аймағы.
Бұл су қоймаларына тыйым салу белгілері орнатылған, сонымен қатар олар жыл сайын тексеруден өтіп, жөнделеді. Алайда, қала тұрғындары ескерту ақпаратын елемей, өмірлеріне қауіп төндіріп, суға шомылуға болмайтын жерлерге баруды тоқтатар емес.
Құтқарушылар жазғы маусымда "тыйым салынған" шомылатын жерлерді күзетеді. Ал егер тәртіпке бағынбай суға түскендер ұсталса айыппұл салынатын болады.
Следующая →
- 2020 жылы суға шомылу маусымына дейін тоғыз адам суға батып қайтыс болған. Яғни, төрт адам балық аулап жүріп, бір адам қайықпен серуендеп жүргенде, ал екі адам қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан ажал құшқан, - дейді ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Титов. - 2019 жылы суға шомылу маусымына дейін бес адам, ал маусым басталған кезде 39 адам суға батып көз жұмған.
Шығыстағы өзен-көлдер мен су қоймаларының жағасында 370 шомылатын арнайы орын бар, ал оның 60-тан астамында суға түсуге рұқсат етілмеген.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері рұқсат етілмеген шомылу орындарының тізімін жасады:
- Ертіс өзені, "Колос" және "Урал" жазғы саяжай аймақтары;
- Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ аумағындағы аралдағы тоған;
- Ертіс өзенінің сол жағалауы;
- Самар тас жолындағы тоған;
- Лесхоз ауылының су қоймасы;
- Ертіс өзені, Өскемен ГЭС-і;
- Ертіс өзенінің арнасындағы котлован;
- Бабкин диірменіндегі тоған аймағы.
Бұл су қоймаларына тыйым салу белгілері орнатылған, сонымен қатар олар жыл сайын тексеруден өтіп, жөнделеді. Алайда, қала тұрғындары ескерту ақпаратын елемей, өмірлеріне қауіп төндіріп, суға шомылуға болмайтын жерлерге баруды тоқтатар емес.
- Адамдар суға түсуден еш қорықпай, өмірлеріне қауіп төндіреді. Судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себептері - әлі де рұқсат етілмеген жерлерде шомылу. Өткен жылы жүзу маусымында 5 адам жабдықталмаған, жүзуге рұқсат етілмеген алаңдарда суға батып кетті, - дейді Өскемен қаласының төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары Дастан Ахметов. - Жүзуге рұқсат етілмеген барлық жерлерде қатты ағын, терең шұңқырлар, тереңдігі төрт метрге дейін жартастар, денсаулығына қауіп төндіретін және өлімге әкелетін тастар, металл арматуралар және басқа да адам өміріне қауіпті заттар болуы мүмкін.ТЖД мамандары демалушыларды тыйым салынған белгілерге мән беріп, қауіпсіздік мақсатында қауіпсіздік техникасы бар жабдықталған жағажайлар мен балаларға арналған шомылуға арналған таяз жерлерді таңдауға шақырады.
Құтқарушылар жазғы маусымда "тыйым салынған" шомылатын жерлерді күзетеді. Ал егер тәртіпке бағынбай суға түскендер ұсталса айыппұл салынатын болады.
- Биылғы жылы да өскемендіктер үшін суға түсуге қауіпсіз деп танылған "Самал" паркіндегі жағалау мен сол жағалауда орналасқан "көгілдір бұғаз", - дейді Дастан Ахметов. - Суға шомылу маусымы кезінде су нысандарында қайғылы жағдайды болдырмау мақсатында балаларды өз еркімен судың жағалауына жібермеу керек. Судағы қауіпсіздік шараларын елемеу адам өміріне қауіпті екенін, белгіленбеген орнындарда шомылуға болмайтындығы туралы балаларға үнемі ескертіп отыру қажет.
Тақырыптар:
Места для купания в Усть-Каменогорске парк "Самал" Несанкционированные места для купания Очистка водоема от мусора