Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Өскемендіктер Халықаралық Скандинавиялық жүріс күнін сенбілікпен ұштастырды

Спортшылар "Самал" саябағы, Ертіс көпірінің асты мен екі мектеп маңындағы қоқыстарды тазартты

Халықаралық Скандинавиялық жүріс күні 16 және 17 мамыр күні өтті. Әдетте бұл спорт түрінен жарыстар өткізілетін. Бірақ карантин болғандықтан биыл жарысқа жол берілмеді. Сонда да спортшылары бұл күнді пайдамен өткізуді, яғни, қашықтыққа жүру барысында қоқыс жинауды жөн көрген.

"Евразия" скандинавиялық жүріс мектебінің ШҚО бойынша бөлімінің нұсқаушысы Ольга Щепетельникованың айтуынша, 15 адам өз жүріп өткен жолдарынан он шақты қап қоқыс жинап алған.

- Бағытты жүріп өтіп, оның үстіне қоқыс жинау идеясы нұсқаушы Ольга Казакова мен команда мүшесі Тамара Сарычаеванікі. Ең басты мәселе – қаптарды саябақтағы тротуар үстіне қалдыруға тура келді. Өйткені қаптарды шығаратын көлік жоқ. Табиғатқа жанашыр жан табылар деген ойдамыз, - дейді Ольга Щепетильникова.

Қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөліміндегілер коммуналдық сала қызметкерлері қоқыс шығарып үлгермей жатқандықтарын айтады. Келушілер көп, қоқыссалғыштар тез толып қалады. Бірақ спортышлар жинап кеткен қаптарды міндетті түрде шығаруға уәде берді.

Следующая →