Өскеменде жол үстінде көліктен өрт шықты
Ұзаққа созылған мерекелік демалыс күндері қалада сегіз өрт оқиғасы тіркелген
Оқыс оқиға 10 мамыр күні сағат 5.50-де орын алды. Меновное кентіндегі көшелердің бірінде кетіп бара жатқан "Газель" маркалы көлігінің моторлы бөлігінде от шыққан. Сонымен қатар, құрылғы панелі, салон қаптамасы, дөңгелек қақпағы жана бастаған.
Зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрт салғырттық салдарынан шыққан дейді.
Тағы бір өрт сол күні 11.00-де Қазақстан көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен шыққан. Өрт балконда шыққан. Бірақ бұл уақытта үйде ешкім болмаған. Өрт сөндірушілер өрт қасақана қойылуы мүмкін деген нұсқаны да айтып отыр.
Одан өзге демалыс күндері Рябинов көшесіндегі "Мичуринец-2" саяжай бірлестігі аумағында монша, "Гигиенист" саяжай бірлестігінде үйшік, екі жер үй маңындағы шаруашылық нысандар өртке оранды. Тағы шөп өртінің 20 жағдайы тіркелді.
Следующая →