Өскемендегі Халықты жұмыспен қамту орталығы күзде көшеді
Ол енді Шәкәрім даңғылындағы көп жыл бойы бос тұрған жедел медициналық көмек ауруханасының ғимаратына көшеді
Қазір Өскемен қаласындағы Жұмыспен қамту орталығы Тургенев,30 мекенжайындағы шағын ғимаратта. Ғимарат кішкентай болғандықтан әлеуметтік көмекке мұқтаж жандардың барлығын қабылдауға мүмкіндік жоқ.
Бірінші қабат екі қанатқа бөлінеді. Біріншісінде азаматтар АӘК бойынша мәліметтер алып, құжат рәсімдеп, жұмыссыздар жұмысқа тұра алады. Екіншісінде психолог, заңгер, әлеуметтік қызметкерлер қабылдайды. Екінші қабатта әкімшілік орналасады, ол жерде қағаз жұмыстар жүргізіледі.
Мердігерлер қыркүйекке дейін жөндеу жұмыстарын толық аяқтап, орталық жаңа ғимаратқа көшеді деп жоспарлауда.
Следующая →
- Ғимарат толықтай өзгереді. Кіріс-шығыс жолдары, көлікжай, санитарлық торап түгелдей мүмкіндігі шектеулі жандарға қарай бейімделіп жасалады, - деді "Артстройинжиниринг" компаниясының басшысы Роман Щерботенко.