Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы облыс тұрғындарына өтініш жолдады

Ілияс Мұхамеджан тұрғындардан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрады

Семейдегі орын алған қауіпті жағдай. Кеше, тек бір күннің ішінде қалада коронавирустың жаңа 11 фактісі расталды. Науқастардың арасында төрт бала, оның ішінде бір жасар нәресте бар. Бұл жаңалық облыс тұрғындарын толғандыруда.

- Ең бірінші айтарым – бұл Семей тұрғындарының шектеу шараларын сақтамауының салдары. Шығыс Қазақстан облысы бойынша анықталған 43 коронавирустың 33 жағдайы Семейде тіркеліп отыр, - дейді Ілияс Мұхамеджан. - Бірнеше мәрте жасалған ескертулерге қарамастан, адамдар карантин талаптарын сақтауда, салғырттық танытуда. Вирусты жұқтыру қаупі жоғары екенін ұғынғысы келмейді.

Семейге жіберілген арнайы комиссия қала тұрғындарының карантин режимін өрескел бұзған фактілерін анықтады.

- Азаматтарға туған күнін тойлаған тұрғынның көңілді кешінен кейін ауруханаға 7 адамның коронавирус дертімен түскен жағдайы да сабақ болған жоқ, - дейді облыстың бас дәрігері. - Тұрғындар әлі де көпшілікті шақырып, ас беру рәсімдерін өткізуде. Ал шағын және орта бизнес нысандары облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысындағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамайды. Құрметті қала тұрғындары, 33 жағдай соңғы сан емес. Біз коронавирус инфекциясының салмағы мен қаупін барынша түсінбейінше, бұл көрсеткіш күн санап өсе береді. Мен тағы да қайталаймын, коронавирусқа қарсы вакцина жоқ! Одан сақтанатын жалғыз жол – өзін-өзі оқшаулап, қатаң тәртіпті ұстану. Сіздерге үлкен өтініш жолдаймын! Өз өміріңізді және жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!
Следующая →