Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Қатал дәріханашы Настя екі соғысты да көрді

Ұлы Отан соғысы майдангерлерін емдеу және құтқару үшін медбикелер түрлі амал-тәсілдерді қолдана білді

ОЛ 1942 жылы майданға өз еркімен аттанғанда толқынды бұрымын қиып тастаған. Ол кезде Омбы облысының Красногорка ауылының тумасы Настя Березуцкая 19 жаста еді.

Ол тіпті медициналық – фармацевтикалық білім алды. Жауды жайратуға аттанған ол қаншама өмірді құтқарды. Ол оқ жауыны астында өмірін қауіпке тіге отырып майдандағы санитарлар мен әскери дәрігерлерге қажетті дәрі-дәрмек тасыған. Анастасия Березуцкая Калининдегі 6-шы гвардиялық әскердің №2479 дала госпиталі, 1 және 2-ші Балтық маңы майданы жанындағы дәріхана басшысы болып қызмет етті.

- Дәрі-дәрмекті діттеген жерге жеткізіп, оқ құшқан және науқас жауынгерлерге көмектесу үшін түрлі қулыққа баруға тура келді, - дейді Анастасия Степановна. – Бірде бүтін бір рота іштері ауырып жатып қалды. Шалшық су, антисанитария... әлбетте солай болады. Дәрі-дәрмек те тез таусылды. Бөлімше командирі ертең шабуылға аттану керек деп, сапқа тұруға бұйрық берді. Ал сарбаздар қолдарын іштерінен ала алмайды. Сонда есіме әжемнің айтқаны түсіп кетті. Қоймада қара бұрыш мөшектеп жатқаны жақсы болды. Сарбаздарды қасықтап қара бұрыш жеуге мәжбүрледім. Есесіне ертеңінде барлығы да аяққа нық тұрып кетті.

Қатал дәріханасы Ұлы отан соғысы мен Жапон соғысын да көрді. 1945 жылдың шілдесінен Балтық жағалауы әскери округінде Таяу Шығыста қызмет етсе, қаңтардан бастап Солтүстік Кореядағы дала госпиталінде болды. Майданнан тек 1948 жылы қайтты. Анастасия Березуцкая И. В. Сталиннің құрметіне, Ұлы Отан соғысы ордені, "Әскери еңбегі үшін" медальдары, "Германиядағы жеңіс үшін", "Жапониядағы жеңіс үшін", мерейтойлық медальдарға ие болды. "Еңбек ардагері" атағына да ие.
Следующая →