Өскемендіктерді "Жеңіс жарығы" акциясына қатысуға шақырады
Осылайша қала тұрғындары карантинге қарамастан мерекені тойлап, ардагерлерге тағзым ету мүмкіндігіне ие болады
Коронавирус пандемиясы салдарынан шығысқазақстандықтар биыл Жеңіс күнін әдеттегідей атап өте алмайды.
Сол үшін өскемендіктер "Жеңіс жарығы" акциясына қатыса алады. Ол үшін 9 мамыр күні сағат 21.00-де терезеңізден шам жағу керек. Осылайша үйлердің терезелерінен жанған шамдар ардагерлерге деген естелік пен тағзымды білдіретін болады.

- Осы ретте тұрғындарға ашық от құралдарын пайдаланбауды ескертеміз, бұл өрт қаупін тудыруы мүмкін, - дейді қала әкімі Жақсылық Омар. – Әр үйден ардагерлер сыйлаған ұлы Жеңістің жарығы жарқырасын.
Следующая →