Әскерилер зейнеткердің тесікке түсіп кеткен әмиянын алып берді
Отан қорғаушылар күні зейнеткердің туыстары "құтқарушыларға" алғыс білдірді
Зейнеткердің қызы әлеуметтік желіде анасына көмектескен сарбаздар туралы жазды.
Көмекке алғашқы болып Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері келген: Алмас және Мұхамед-Әли. Бір сағат ішінде олар әмиянды алып шыққан.
Айтпақшы, дүкен алдындағы тесікті бітепті.
Следующая →
- Анам келеңсіз жағдайға тап болды, - дейді Гүлжәміш Қалымова. – Дүкен маңында әмиянын құлатып алған, ол тар тесікке түсіп кеткен. Оның ішінде ақша мен құжаттар болған. Тесік тар әрі терең екен. Анам өтіп жатқан адамдардан көмек сұраған.
Көмекке алғашқы болып Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері келген: Алмас және Мұхамед-Әли. Бір сағат ішінде олар әмиянды алып шыққан.
- Отан қорғаушылар күні отбасымыздың атынан ҚР Қорғаныс министрлігінің Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімшесі басшылыға алғыс білдіреміз, - дейді Гүлжәміш. – Қайсар да қырағы қаһармандарға күш, қайрат, мықты денсаулық тілейміз. Отанымыз өздеріңізге сенім артатынын естеріңізден шығармаңыздар. Жүректеріңіз махаббатқа толы, ойларыңыз сергеу, рухтарыңыз мықты болсын. Алмас пен Мұхамед-Әлидің ата-анасына ерекше алғыс білдіремін.
Айтпақшы, дүкен алдындағы тесікті бітепті.