ШҚО-да ішімдік ішкен ер адам өзенді кесіп өтіп, суға батып кете жаздады
Шыңғырған дауыстан жақын маңда жүрген екі полицей жүгіріп барған
Дәл сол уақытта Курчатов полиция бөлімінің қызметкерлері капитан Ернар Еслямов пен аға лейтенант Бақытбек Жұманкенов Ертіс жағасында қоғамдық тәртіпті бақылап жүрген.
Тәртіп сақшылары уақытсыз шомылушылардың бірінің қатты айқайлаған дауысын естіді. Полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпай суға түсіп, ер адамға қарай беттеді.
Қазір 52 жастағы жергілікті тұрғынның өміріне қауіп төндірмейді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. ШҚО полиция департаментінің басшылығы өзінің ержүрек қызметкерлерін көтермелеу мәселесін қарастыруда.
Тәртіп сақшылары уақытсыз шомылушылардың бірінің қатты айқайлаған дауысын естіді. Полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпай суға түсіп, ер адамға қарай беттеді.
- Ол соңғы күшімен суда тұрды. Өзеннен ер адамды алып шығуға полиция майоры Шыңғыс Рахымжанов көмек көрсетті,-деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінде. – Оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді, бірақ Курчатов полиция бөлімі қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өздерінің және өзгенің өмірін сақтап қалды. Азаматтың өмірін құтқару үшін суға секіріп кеткен полицейлер ойлануға уақыт болмағанын, әрекет ету керек екенін айтып, мойындайды, өйткені адам мұздай суда соңғ,ы демі қалғанша тұрды.

Следующая →