Өскемен
ясно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +15°
  • Қарағанды
    +10°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +13°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +11°
  • Шымкент
    +22°
$
439.43
-2.23
473.31
-1.83
¥
60.98
-0.02
4.82
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ҰБТ-да төртінші тоқсандағы сабақтардың сұрақтары болмайды

Шығыс Қазақстандағы қашықтан оқыту жүйесінің егжей-тегжейі талқыланды

ШҚО Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова оқу жылы қалай аяқталатынын айтты.

Оның айтуынша, 10 мың мектеп оқушысы компьютер мен кеңсе техникасымен қамтамасыз етілді. Тек 9%-ы ғана – 15 400 бала телеарнадағы байдарламалар арқылы сабақ оқып отыр. Яғни, олар шығыстағы ғаламторы 218 ауылда тұратын балалар. Басқа балалар BilimLand, Kundelik.kz, Daryn.online платформаларында онлайн режімде оқып жатыр.

- Барлық сыныптарда бөлім және тоқсан бойынша ортақ баға шығарылады, - деді мекеме басшысы. – Ал 11-сыныптар бақылау жұмыстары өтеді. 4-10 мамыр аралығында БЖБ өтеді, бірақ өзін-өзі тану, көркем еңбек, дене шынықтыру, музыка, кәсіпкерлік және бизнес негіздері, графика және жобалау, қоғам және дін пәндері бойынша баға шығарылмайды. Ал ТЖБ 18 мен 22 мамыр аралығында бір рет қана өтеді.

Сайрангүл Жұмаділованың айткынша, бір пәннен ТЖБ мен БЖБ бір күнде өтпеуі керек. Сонымен қатар, 11-сыныптар үшін қорытынды бақылау болмайды. Жылдық нәтиже бойынша қорытынды баға қойылады.

- Облыс бойынша барлығы 8 200 бала мектеп бітірсе, оның 6 473-і ҰБТ тапсыруға ниетті, - деді ол. – ҰБТ тапсыруға өтініш 15 мамырға дейін Тестілеу орталығының сайтында қабылданады.

746 бала "Алтын белгіге" үміткер. Алдын ала болжам бойынша маусымда қоштасу жиналысы мен мектеп бітіру кештерін талқылауға болады.

Следующая →