Өскемен
пасмурно
-9°
  • Өскемен
    -9°
  • Алматы
    -3°
  • Астана
    -8°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +6°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -9°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    -6°
  • Павлодар
    -6°
  • Петропавловск
    -6°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    -2°
$
517.66
+4.11
606.49
+4.40
¥
73.52
+0.58
6.44
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-дағы орман өртін сөндіру неге ұзақ уақытты алды?

Облыстық ТЖ бойынша департамент мамандары Бесқарағай ауданындағы өртті сөндіру барысында қандай қиындықтар туындағанын айтты

"Семей орманы" аумағындағы өртті сөндіруге тек ШҚО ТЖД-ның 93 қызметкері, 23 бірлік техника жұмылдырылды. Байдәулет орман шаруашылығы өртті бірінші байқаған болатын. Шаруашылық тілсіз жаумен күреске 34 адам, 6 автоцистерна мен екі трактор жіберген. Ал ҚР ТЖК Көкшетау гарнизонынан 39 адам мен МИ-26 ұшағын жіберген.

Бірақ 23 сәуір күні 13.00-де лап берген далын 25 сәуір күні 19.00-де бірақ ауыздықталды. Өрт 3948 гектар аумақты шарпыды.

- Жел қатты болғандықтан өрт жылдам тарады. Қылқан жапырақтар тез тұтанып, талдар шырпы сынды лап береді, - дейді құтқарушы Анатолий Жуков. – Күн ысып, қатты тұтанып жатқандықтан кей жерлердегі өртті сөндіру қиынға соқты.

Өрт сөндіру көліктерін жүргізушілерге де оңай соққан жоқ.

- Түтіннің арасында ештеңе көрінбейтіндіктен қозғалу қиын болды. оның үстіне құмды аймақ. Өрт жасырын тұтаны жатқан жерлер де бар. Оның ішіне көлік түсіп кету қаупі жоғары, - дейді ӨСБ-4 өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Тұрар Сабырбеков.
Следующая →