Өскеменде коронавирусты анықтау үшін тегін тест тапсыра алады
Капилляр қанын алу арқылы алынатын экспресс-теттің көмегімен плазмада коронавирус инфекциясына антиденелер бар-жоғы анықталады
Анализ Қасым Қайсенов, 56/1 мекенжайындағы мобильді пунктіде алынады.
Экспресс-тест тапсыру үшін cdl.kz сайтында өтінім қалдыру қажет. Кейін оған қашан, қай уақытта келіп талдама тапсыру керектігі хабарланады.
Тест тапсырғаннан кейін қан нәтижесін бір сағаттан кейін жеке кабинетке кіріп көріге болады.
Ең алдымен экспресс-тестті медқызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері өтеді. Талдама меценаттардың есебінен тегін алынады, ал ПТР-диагностика ақылы.
Бұл жобаның демеушісі "Aitas KZ" АҚ, компания мобильді зертханаларды құру үшін 39 млн теңге бөлді. Бұндай пунктілер тек Өскеменде, сосын Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Қарағанды және Семейде бар
Следующая →
- Әзірге қалада бір ғана пункті жұмыс істейді, - дейді "Олимп" КДЗ ШҚО бойынша филиалының директоры Ержан Жакупов. – Егер сұраныс артса, қосымша ашамыз.
Экспресс-тест тапсыру үшін cdl.kz сайтында өтінім қалдыру қажет. Кейін оған қашан, қай уақытта келіп талдама тапсыру керектігі хабарланады.
Тест тапсырғаннан кейін қан нәтижесін бір сағаттан кейін жеке кабинетке кіріп көріге болады.
- Тест коронавирустың өзін емес, оған қарсы денелерді анықтайды, - деп нақтылады Ержан Жакупов. – Бұл дегеніміз адам бұрын ауырып қойған немесе бір кездері инфекциямен байланысы болған. Олай болса, антиденелер пайда болады. Яғни, егер оң нәтиже шықса, адам коронавирус жұқтырған дегенді білдірмейді. Қатаң карантиндік шаралар жасалмайды, тек ол адамды қайта шақырады да тағы да тегін талдама жасалады.