Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Татьяна Золотарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-дағы 150 мың адам комунналдық қызметтер үшін өтемақы алады

Екі ай ішінде әлеуметтік әлсіз топ мүшелерінің абоненттік есепшоттарына 15 мың теңге көлемінде төлем аударылады

ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Дәулет Бахитұлы коммуналдық қызметтер үшін сәуір мен мамыр айы үшін 15 мың теңге көлемінде төленеді.

Көмек кімдерге беріледі:

  • 1-ші, 2-ші, 3-ші топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • көп балалы отбасылар;
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау, әскери қызмет атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
  • ең төменгі және одан аз зейнетақы алушы зейнеткерлер;
  • атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, соның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
  • Жалғызбасты және жалғыз тұратын қариялар екі түрлі категория. Сондықтан балалары немесе жақындары алыста тұратын болса, ондай қарияларға мемлекет тарапынан көмек көрсетілмейді, дейді Дәулет Бахитұлы. – Төлем азаматтардың қолына берілмейді, дербес шоттарына аударылады.


Шығындарды өтеу үшін тұтынушы жергілікті атқарушы органға Call-орталықтар (қалалар мен аудандардың ТКШ бөлімдері) арқылы өтініш беру қажет. Call-орталыққа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), жеке шоттарды және әлеуметтік мәртебесін айту қажет.

Қалалар мен аудандардың Call-орталықтарының жұмысы 2020 жылдың 21 сәуірінен басталады.

Түсініктеме беру үшін Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында 701-238 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтін болады.
Следующая →