Жеке мектептер мемлекеттік тапсырыс алу үшін өтініш бере алады
ТЖ әрекет ету кезеңінде жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі шеңберінде кәсіпкерлерге қаражат бөлу жалғасуда.
ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы өңірдің бизнес-қауымдастығына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтініш беру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Өтінішті қабылдауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің" Қаржы орталығы " АҚ жүзеге асырады. Жаңа жеке мектептерді қолдау мақсатында мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өтініштерді кезектен тыс қабылдау туралы шешім қабылданды. 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 40 мың оқушы орнын қамтамасыз ететін жеке мектептермен 151 шарт жасалды.
Следующая →

- Соңғы жылдары мектептер құрылысының қарқыны халықтың демографиялық өсуімен үйлескен жоқ, - деп хабарлайды ӨКП баспасөз қызметі. - Осының салдарынан "үш ауысым" ретінде халық арасында кеңінен танымал білім беру ұйымдарының жұмыс істеуіне байланысты проблемалар бар. Статистика бойынша, елде 168 мыңнан астам оқушы орны тапшы, ол елдің 17 өңірінің әрқайсысында тіркелген.
Тақырыптар:
Частные школы ВКО Режим ЧП в Казахстане Палата предпринимателей ВКО АО "Финансовый центр"