Қаладағы жалпы ауданы 43 мың шаршы метр жолдағы "жыртықтар" жамалады
Мердігерлер Өскемен қаласының орталық көшелеріндегі жол жабындысының орташа жөндеу жұмыстарына кірісті
Біз бұған дейін Қабанбай көшесіндегі жөндеу жұмыстары туралы жазғанбыз. Белгілі болғандай, Қазақстан көшесінен Буров көшесіне дейінгі осы аумақтағы жөндеу жұмыстары мамыр айының соңында аяқталуы керек деп жоспарлануда.
"РЕМДОР" мердігер ұйымының инженері Бауыржан Қамзинов айтқандай, қазір тегістеу қабаты төселуде.
Сонымен бірге мамырдың аяғына дейін Ушанов алаңындағы жұмыстар да аяқталады. Жөндеуден кейін мұнда көлік қозғалысына арналған төрт негізгі және бір қосымша жолақ пайда болады. Барлық жолақтардың ені 4 метрден болмақ.
Тағы да орташа жөндеу жұмыстары Абай даңғылынан Н. Назарбаев даңғылына дейін Бажов көшесінде де жасалады, жалпы ұзындығы 5,5 шақырым, 500 метр – Шоссейная көшесінде, 1,6 шақырым – Ярославская көшесінде, 760 метр – Н. Назарбаев даңғылы мен Грузинская көшесіне дейін Виноградов көшесінде, "ҮМЗ" АҚ-дан Путевая көшесіне дейін айналма жолдың 2,9 км аумағы.
Следующая →
"РЕМДОР" мердігер ұйымының инженері Бауыржан Қамзинов айтқандай, қазір тегістеу қабаты төселуде.
- Жолдың орташа ені 15,5 метр. Жалпы ауданы 14,5 мың шаршы метр. Бұған дейін біз ауданды фрезермен өңдедік. Тегістеу жұмыстары аяқталған соң, қиыршық тас-мастикалы технология бойынша асфальт төсейміз. Сонымен қатар, кей жерлерге пандусты тротуар жасаймыз, - деді ол.
Сонымен бірге мамырдың аяғына дейін Ушанов алаңындағы жұмыстар да аяқталады. Жөндеуден кейін мұнда көлік қозғалысына арналған төрт негізгі және бір қосымша жолақ пайда болады. Барлық жолақтардың ені 4 метрден болмақ.
- Қазір әуежай жақтан келетін көлік қозғалысы Даңқ аллеясынан "Даниэльге" дейін кедергісіз болуы үшін айналма жолды тарылту, тіктеу жұмыстары жасалуда. Ескі айналма бойынша сол жақтан келе жатқандар қиналатын өйткені, олар айналмаға жеткенде тежегішті басуға мәжбүр, - дейді "ВостокВзрывПром" ЖШС атқарушы директоры Александр Андрейчук.
Тағы да орташа жөндеу жұмыстары Абай даңғылынан Н. Назарбаев даңғылына дейін Бажов көшесінде де жасалады, жалпы ұзындығы 5,5 шақырым, 500 метр – Шоссейная көшесінде, 1,6 шақырым – Ярославская көшесінде, 760 метр – Н. Назарбаев даңғылы мен Грузинская көшесіне дейін Виноградов көшесінде, "ҮМЗ" АҚ-дан Путевая көшесіне дейін айналма жолдың 2,9 км аумағы.
Тақырыптар:
Ремонт дорог в Усть-Каменогорске Среднему ремонту дорожного полотна в Усть-Каменогорске Ямы на дорогах в Усть-Каменогорске