Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +9°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +16°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Жеткізушілер дүкенге тауарды қымбат бағамен жеткізуде

Сауда орындарының қызметкерлері әлеуметтік желіде шағымданып, азық-түлікті сатып алған бағасынан арзанға сата алмайтындықтарын жазуда

Тұрғындардың бірі Instagram әлеуметтік желісінде азық-түлік дүкенінен тұз таппағанын жазған. Ал сатушы елде кей азық-түлікке шектік баға бекіткеннен бері жеткізушілер одан қымбатырақ әкелетін тауарларға қол жеткізе алмай отырғандарын айтқан. Өйткені дүкен шығынға батудан қорқады.

Осы жазбаның астына пікір қалдырған тағы бір сауда орнының қызметкері осыны растады.

- Мен де саудамен айналысамын, - дейді азаматша. – Жеткізушілер дүкендерге тауарды қымбатқа әкеледі, оны сол бағасынан арзанға сатып, біздің шығынға батқымыз келмейді. Сондықтан да тұз, ұн, жұмыртқа, қарақұмық сынды маңызды азық-түліктен бас тартуға мәжбүрміз. Өйткені оларға мемлекет шекті баға белгілеп қойған. Бірақ бізде үнемі тексерісті артынан бастайтын әдет бар. Негізі тауарды жеткізуші дистрибьюторларды тексеру керек қой. Айыппұл дүкен иелеріне салынады, ал дүкендегілер тауар жүкқұжатын көрсетсе, тексерушілер ондай тауарды алмаңдар деп ескертпе жасайды.

Кейбір пікір білдірушілер осындай жағдайға адамдардың өздерін кінәлайды. Өйткені жаппай сатып алып жатқандықтан, тауар бағасы да шарықтап кетті.

Осы орайда айта кетейік, "Nur Otan" партиясының ШҚОФ жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңес мүшелері 11 сәуір күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізген. Дүкен иелеріне қатысты 16 акті толтырылды, оларға әкімшілік жауапкершілік туралы ескерту жасалды.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларын өсірген бизнесмендерге 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады, ал кезекті рет қайталанса 200 АЕК-ге артады.
Следующая →