Танымал қазақстандық кәсіпкер Көкпекті ауданының тұрғындарына азық-түліктері бар жүк көлігін жіберді
Құлынжон ауылынан 200 көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылары ұн, күнбағыс майы және макарон өнімдерін тегін алды
Айдин Рахымбаев, ірі қазақстандық кәсіпкер, туған ауылы мен төтенше жағдай кезінде жерлестеріне қолдау көрсетуді ұйғарды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Ол өзінің кішкентай ауылына шамамен 1,5 миллион теңгенің азық-түлігін КамАЗбен жіберді.
Айдын Рахымбаев басқаратын құрылыс компаниясы қазір Қазақстан Республикасының үш қаласында коронавируспен ауыратын науқастарға арналған ауруханалар салып жатыр, бірақ бұндай жұмысбасты бола тұра ол туып-өскен Көкпекті ауданындағы кішкентай ауылы туралы ұмытпады. Көрсетілген көмек үшін алғыс білдірген тұрғындар өз меценаттарына бейне хабарлама жазды.
Айтпақшы, бұл Рахымбаевтың Құлынжон ауылдық округінің тұрғындарына көрсеткен алғашқы көмегі емес. Бірнеше жыл бұрын, ол өз қаражатымен жергілікті мектепті толығымен жөндеп, оны осы аймақтағы алғашқы робототехника кабинетімен жабдықтады.

- Айдын Жұмаділұлына осындай жомарттылығы үшін алғысымызды білдіреміз, - дейді он баланың анасы Райхан Құсайынова. - Бұл біз үшін үлкен көмек, өйткені қазір ел қиын жағдайда тұрған кезде көп балалы отбасын асырап, тамақтандыру өте қиын. Үлкен рахмет!

Следующая →