Біреудің шотынан 645 мың теңге шешіп алған
34 жастағы Семей қаласының тұрғыны 14 сәуір күні полицияға жүгінген
ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, күдікті 12 сәуір күні азаматшаның ұялы телефонын алып, оның ішіндегі мобильді қосымша арқалы 645 мың теңгесін өзіне аударып алған.
Тәртіп сақшылары қаскөйді ұстады. Ол зардап шеккен азаматшаның 34 жастағы танысы екен.
Следующая →
Тәртіп сақшылары қаскөйді ұстады. Ол зардап шеккен азаматшаның 34 жастағы танысы екен.
- Тонау фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.