ШҚО мемқызметкерлері ТЖ кезінде рұқсат қағаздары мен тауар тасымалы үшін пара алған
Бұндай мемлекеттік қызметкерлерді Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары әшкереледі
Семейдегі шекара қызметінің қызметкерлері мен кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы ТЖ кезінде пара алғаны үшін тұтқындалды.
Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде ҚР Жемқорлықпен күрес бойынша агенттігі аппаратының жетекшісі Қуаныш Жапақов мәлімдеді.
Сондай-ақ, Аппарат басшысы Семей қаласындағы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманына қатысты тергеу жұмысы туралы да айтып өтті.
Следующая →
Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде ҚР Жемқорлықпен күрес бойынша агенттігі аппаратының жетекшісі Қуаныш Жапақов мәлімдеді.
- Халықты қажетті тауармен қамтамасыз етуге байланысты атқарылған кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру фактілері бар. ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты кеден органдарының бірқатар лауазымды тұлғаларының жүйелі түрде кәсіпкерлерден пара алып отырғаны белгілі болды. Олар бақылау-өткізу посттарында тауарды кедергісіз өткізу үшін пара беруді талап еткен, - деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов.
Сондай-ақ, Аппарат басшысы Семей қаласындағы кәсіпкерлік бөлімінің бас маманына қатысты тергеу жұмысы туралы да айтып өтті.
- Төтенше жағдай кезінде ол Семей қаласында шектеусіз жүру үшін көлік құралдарына арналған бес рұқсат қағазын беріп, 25 мың теңге көлемінде пара алған, - деді Қуаныш Жапақов.