Семей тұрғыны өтірік есік сатып елдің жарты миллионын иемденген
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны халықты алдап 500 мың теңгесін жымқырды
Үйінің бөлмелеріне есік салдырмақ болған семейліктер алаяқтың құрбаны болады.
Жасы отыздар шамасындағы ер азамат өзін жиһаз саудасымен айналысатын кәсіпкер деп таныстырып, үш тұрғыннан тапсырыс қабылдаған. Құрбандарынан ақшаны алдын аа жіберуді өтінген. Саудагердің сөзіне сенген үш қала тұрғыны бірге 550 мың теңгені қолына ұстатқан. Алданған тұрғындар тәртіп сақшыларына шағымданды.
Следующая →

- Жедел іздестіріліп, күдікті ұсталды. Қазір ол тергеу изоляторында. Қылмыстық кодекстің 190-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.