Өскемен
облачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +1°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    +3°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -4°
  • Қызылорда
    +8°
  • Павлодар
    +3°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +17°
$
489.36
+1.25
533.45
+3.36
¥
68.97
+0.45
4.99
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ҚР ауылдарындағы телефон байланысының тарифі 2-3 есеге өсуі мүмкін

Елдің Мәжіліс депутаттары ауылдағылар жалғыз коммуникация құралынсыз қалмауының алдын алуда

Парламент Мәжілісінің депутаттары бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жаңа заң жобасын талқылау кезінде үй телефоны қызметінен субсидиялауды алып тастау туралы нормаға қарсылық білдірді

Айта кетсек Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бизнес-ахуалды жақсарту мәселелері бойынша жаңа заң жобасын таныстырған болатын, деп жазады inform.kz сайты.

- Шынын айту керек, қазір ауылда ғана емес, қалалардың өзінде интернет байланысы нашар. Оны жақында бәріміз де көрдік. Сондықтан жасыратыны жоқ бүгін көптеген ауылда бір ғана сапалы байланыс – ол телефон. Қазіргі уақытта оған айына 670 теңге төленеді. Егер бұл тариф 2-3 есе өсер болса халық оны қалай төлейді. Неге оны ойламайсыздар? - деді Мәжіліс Төрағасы.

Нұрлан Нығматулин "Қазақтелеком" компаниясымен заңның бұл нормасына қатысты анықтама алынғанын жеткізді. Компания бұл норма күшіне еніп кетсе, 630 мың абонент бойынша телефон тарифі өсетінін хабарлаған.

- Бұл ауылдағы абоненттердің – 98 пайызы. Әлбетте мұндай жағдайда монополист тарифті көтереді. Артынша тұтынушы телефон үшін бұрынғыдан көбірек ақша төлеуге мәжбүр болады. Яғни, 670 теңгелік тариф 2-3 есе өсіп кетеді деген сөз. Бұл норма ауылдағы тұрғындарды жалғыз байланыс құралынан айырады. Себебі оларда коммуникацияның баламалы түрі жоқ, - деп толықтырды Н. Нығматулин.

Бұл мәселеге қатысты Үкімет басшысының орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов ауылдағы телефон байланысы үшін төлем қымбаттамайынын, себебі республикалық бюджеттің есебінен бұл бағытта алдағы үш жылда 8,5 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді.

- Ауылдар үшін телефон қызметі тарифінің қымбаттауына жол берілмейді. Субсидиялау схемасы бұрынғыша қала береді. Жеке мемлекеттік органдар заң жобасын мақұлдау кезінде ауылдық елдімекендер бойынша байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін ұсыныстарын берген. Сол кезде бұл норма заң жобасына «байқаусызда» кіріп кеткен секілді. Дау тудыратын норма екенін сезіп, заң жобасынан алып тастау керектігін ұсынамыз, - деді ол
Следующая →