Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

ШҚО-да ер адам мен кішкентай баласына өз үйлерінде иіс тиген

37 жастағы азамат екі жастағы баласымен үй ішінде шыққан өрт салдарынан түтінге уланып көз жұмды. Өрттің шығуына су қайнатқыш себеп болуы мүмкін

Оқиға Глубокое ауданындағы Веселовка ауылында орын алды.

Көршілері екі пәтерлі жер үйден шығып жатқан түтінді байқап, өрт сөндіру қызметін шақыртқан. Бірақ ең жақын орналасқан ТЖ бөлімі Алтайский кентінде орналасқан. Ара қашықтығы 25 шақырым. Тұрғындар өрт құрсауында қалғандарды өз күштерімен құтқармақ болды. Жалындап жанған от болмаған, тек түтін шықты.

- Біз жеткенше көршілері екі жастағы бала мен оның әкесін үйден алып шыққан. Бірақ олар уланып қалған, - дейді ӨСБ-36 басшысы Жанұзақ Молдақанов. – Барлау барысында өрт ошағы диваннан шыққаны анықталған. Диванның үстіне спиральді су қайнатқыш қосулы қалдырылған.

Куәгерлер ер адамның мас болғанын айтады. Өрт себебі бойынша электр құрылғысын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау нұсқасы қарастырылуда.
Следующая →