Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Пестрякова
Ақпарат көзі:
Устинка LIVE

Режім бұзғандар "Сергектің" назарына ілікті

Кейбір жеңіл көліктер белгіленген бағыттан ауытқып, өзгелердің арнайы рұқсат қағазын пайдаланып жүр

Жүк және жолаушы тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілері шектеуді қатаң ұстанады. Ал тәртіп сақшыларының назарына қалада тек арнайы қағаздармен жүретін жеңіл көлік иелері түсті.

Патрульдік полиция қызметкерлері "Мазда" маркалы көлігін тоқтатқанда оның алдыңғы әйнегінде қызыл және жасыл қағаз жабысып тұрған. Ал негізінде бір адамға тек бір түсті қағаз беріледі. Бұл жағдайда тәртіп сақшылары жасыл түсті қағазды тәркіледі.

- Тұрғындар бүкіләлемдік пандемия кезінде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке бағыну керектігін түсінеді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі. – Бос уақыттарында барлығы үйлерінде. Ал халық бос уақытында баратын дәмхана мен мейрамханалардың барлығы онлайн жеткізіп беру қызметіне көшкен. Рейд кезінде жеткізіп берушілер де тәртіпті қатаң сақтайтыны көрініп тұр.

Уақытша шектеу режім талаптарын жүргізушілердің сақтауын бақылау жұмыстары жалғаса береді. Полиция қызметкерлері Өскемен және Семей қаласы тұрғындарын жағдайға түсіністік танытып, тәртіп сақшылары сұрағанда құжаттарын көрсетуді сұрайды.
Следующая →