Алтайдағы пульмоногиялық бөлімше пациенттері бұрынғы туберкулез диспансеріне көшірілді
Бұл коронавирус анықтала қалған жағдайда бүкіл аурухананы жауып тастамау үшін жасалған уақытша әрі мәжбүрлі шара
Алтай тұрғындары әбігерге түсті. Бронхы-өкпе ауруларымен түскен балалар мен ересектерді бұрынғы туберкулез диспансерінің стационарына жіберіп жатыр. Типтік ғимаратта туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды емдейтін. Соңғы уақытта облыстың әр өңірінен пациенттер әкелінген.
Бөлімше 2018 жылдың мамыр айында елдегі барлық туберкулез диспансерлері қайта құрылғандықтан жабылған болатын. одан кейін ғимарат пайдаланусыз қалған.
Мамандар болса, ешқандай қауіптің жоқ екенін алға тартады. Диспансер жабыла сала арнайы зертхана екі рет зарарсыздандыру және қарқынды санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізген. Барлық төсек орын жабдықтарын өртеп жіберген.
Мамандар науқастарды көшіруге тура келгендігін айтады. Пульмонологиялық бөлімше бронхы-өкпе ауруларына шалдыққан науқастарға арналған. Демек, қауіп аймағында. Облыстағы ең бірінші COVID-19 вирусын жұқтырған адам пульмонология бөлімшесінде жатқан науқас екенін айта кеткен жөн. Сол кезде ол жатқан бүкіл аурухананы жабуға тура келді. Ал алтайлықтар ондайға жол бере алмайды.
Сол үшін де облыстық Денсаулық сақтау басқармасы осындай шешімге келген.
Следующая →
Бөлімше 2018 жылдың мамыр айында елдегі барлық туберкулез диспансерлері қайта құрылғандықтан жабылған болатын. одан кейін ғимарат пайдаланусыз қалған.
- Кох таяқшасы тіпті қабырғаларда қалып қалған шығар, - дейді қорыққан науқастар. – Ондаған жылдар бойы туберкулезбен жатқан науқастар емделген ғимаратқа енді балаларды жатқызып жатыр.
Мамандар болса, ешқандай қауіптің жоқ екенін алға тартады. Диспансер жабыла сала арнайы зертхана екі рет зарарсыздандыру және қарқынды санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізген. Барлық төсек орын жабдықтарын өртеп жіберген.
- Біз Кох таяқшалары мен туберкулез бациллалары өмір сүре алмайтындай жағдай жасадық, - дейді Алтай аудандық ШЖҚ КМК бас дәрігері Владимир Коробкин. – Құрғақ ортада таяқшалар бір ай ғана өмір сүреді. Екі жыл өтті, осы уақыт аралығында бірнеше мәрте тазарту жұмыстары жүргізілген.
Мамандар науқастарды көшіруге тура келгендігін айтады. Пульмонологиялық бөлімше бронхы-өкпе ауруларына шалдыққан науқастарға арналған. Демек, қауіп аймағында. Облыстағы ең бірінші COVID-19 вирусын жұқтырған адам пульмонология бөлімшесінде жатқан науқас екенін айта кеткен жөн. Сол кезде ол жатқан бүкіл аурухананы жабуға тура келді. Ал алтайлықтар ондайға жол бере алмайды.
- Вирус анықтала қалса, бүкіл аурухананы консервацияға жіберу керек болады. Бұл қаладағы жалғыз емхана. Оның үстіне, бұнда көршілес орналасқан Катонқарағай тұрғындары да ем қабылдайды, - дейді бас дәрігер.
Сол үшін де облыстық Денсаулық сақтау басқармасы осындай шешімге келген.