Семейдегі COVID-19 вирусын жұқтырғандар сауығып келеді
Ерлі-зайыптылар Мысырдан келген болатын. Олар – Шығыстағы коронавирус дертіне шалдыққан алғашқы науқастар
28 наурыздан бері екіжақты пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылып, өкпеге жасанды тыныс беру аппаратына қосылған 1959 жылғы науқастың жағдайы жақсарып, қазір өздігінен дем алуда.
Бүгінде аймақ бойынша жұқпалы індетке шалдыққандар саны - 6 адам.
Следующая →
- Медперсонал мен пациенттің бірлесе әрекет етуінің арқасында жағдайы жақсарып келеді. Науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда. Барлық ем-домды толыққанды алуда, - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан. - Ал науқастың 1959 жылы туған COVID-19 вирусына шалдыққан әйелінің жағдайы қанағаттанарлық.
Бүгінде аймақ бойынша жұқпалы індетке шалдыққандар саны - 6 адам.