Екі жігіт Өскеменде үш адамды өрттен құтқарды
Өрт сөндіру қызметі жеткенше жігіттер жанып жатқан үй ішінен кейуана, келіншек пен оның 8 жастағы баласын алып шықты. Газ баллонын да дер кезінде сыртқа шығарып үлгерген
Өрт кеше Попов көшесіндегі жер үйде орын алды. Өскемен қалалық ТЖБ берген ақпаратқа сүйенсек, монша мен шаруашылық нысандар да өртке оранған. Ал бұл уақытта көрші үйге қонаққа келген Александр Страбыкин мен Александр Кузнецов батыл әрекетке бел буған.
Оқиға орнына жеткен №7 өрт сөндіру бөлімінің мамандары тілсіз жауды ауыздықтады. Өрттің шығуына пешті пайдалану немесе салу кезінде өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау себеп болуы мүмкін.
Александр Страбыкин "Витюля" автоорталығында, ал досы Александр Кузнецов "НПК Герат УК" ЖШС өндірісінің басшысы болып қызмет етеді.
Следующая →