Өскеменде қоғамдық көлік жүре береді
Шектеу шаралары енгізілсе де автобустар мен трамвайлар қалада халықты тасымалдай береді
Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап аяқталғанға дейін қаладағы автобустар 30 пайызға қысқарады. Қалалық әкімдіктің ақпараттарына сүйенсек, 6 сәуірден бастап трамвайлар мен автобустар сағат таңғы 6.00-ден 19.30-ға дейін қатынайтын болады. Ал түнгі уақытта жеке көлікпен жүруге тыйым салынады.
Ал такси қызметі бойынша: жүргізушілері тақ және жұп күндер приципі бойынша қызмет ететін болады.