Алты мыңнан астам қазақстандық көктайғақта жарақат алған
Өңірдегі травматологиялық пунктіге күн сайын түрлі дене жарақаттарымен түсетіндер саны артқан
Жыл басынан бері жолдағы көктайғақтан зардап шеккен 6264 шығысқазақстандық дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Олардың арасында 400-і балалар.
Құлағандардың көбінің аяқ-қолдары сынған. Осындай жарақатпен 2000-нан астам адам түскен.
- Көбінің білек сүйегі, иық сүйегінің мойны, мықын сүйегі сынады, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Райфа Сафиоллинова. – Сіңірлері созылып, бас миы шайқалғандар да болды.
Мекеме қызметкерлері зардап шеккендердің жасы – 20-дан 45 жасқа дейінгі, яғни, жұмысқа қабілетті адамдар екенін айтты.