ШҚО-да қаскүнемдер автокөлік нөмірлері үшін ақша бопсалаған
Белгісіз біреулер Өскеменде автокөліктен нөмірлік белгілерді бұрап алып, сыйақы талап еткен жазба қалдырды
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бір күн ішінде қорқытып алушылық жөнінде үш бірдей өтінішті тіркеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полиция қызметкерлеріне бірінші болып "Nissan" маркалы автокөлігінің иесі МТНБ ұрлағаны туралы хабарлама жолдады. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жазба тапқан, онда белгісіз тұлға нөмір белгілерін қайтарғаны үшін сыйақы сұрайды. Бір сағат ішінде "102" арнасына тағы екі ұқсас хабарлама келіп түсті. Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері жедел түрде 27 жастағы күдіктіні ұстады. Қаскүнем тек шетелдік нөмірлерді ұрлаған. Тергеу іс-әрекеттері барысында ол өз кінәсін мойындады, қазіргі уақытта оның бес эпизодқа қатыстылығы дәлелденді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.