Риддерде құтқарушылар ит күшіктерін темір бетон астынан алып шықты
Күшіктердің қыңсылы мазасын қашырған қала тұрғындары құтқарушыларды шақыртқан
Риддер қаласындағы Толстой көшесінің тұрғындары күшіктердің қыңсылаған даусы бірнеше күн бойы естілгенін айтады. Күзде қаңғыбас иттердің бірі қараусыз жатқан темір бетон плиткалардың астын мекендеген көрінеді.
Осы жерде күшіктеген. Көктем келіп, күн жылынған уақытта құрылыс құрылымдары төмен шөгіп, үйшіктің аузын жауып қалған.
Бірақ құтқарушыларға дер кезінде хабарлаған тұрғындар иттерді аштан қырылудан сақтап қалды.
- Оқиға орнына арнайы құрал-саймандарымызбен жеттік, - дейді ӨСБ-1 қарауыл командирі Жандос Жуатқанов. - Үйшіктен үш күшік шықты.