Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Облыс орталығындағы көңіл көтеру мекемесінің иесі тыйым салуды елемей, жұмысын 22.00-ден кейін жалғастырды
Аймақта төтенше жағдай режимін бұзушыларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Облыс орталығында көңіл көтеру орындарының бірі кешкі 10-нан кейін өз жұмысын жалғастырып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот қаулысымен 27 жастағы ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.
Үш тәулікке Глубокое ауылының кәсіпкері қамауға алынды, ол төтенше жағдай режиміне қарамастан, өз интернет-клубының жұмысын 22.00-ден кейін жалғастырды.