Өскемен қаласының әкімі қыстан кейін қаланың тазалығына риза емес
Оның пікірінше, жұмыстар тым баяу, бірақ әлдеқайда жылдамырақ болуы мүмкін
Себебі, коммуналдық кәсіпорында жұмысшылар үшін бос орындар бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Қаланы "Новая Согра" ШЖҚ КМК-ның 100 штаттық қызметкерлері, ЖБК-дан 50 адам тазалауы тиіс, сонымен қатар әкімдік жұмыссыздардың ішінен тағы 100 орынға қаржы бөлді.
- 100 адамның тек 40-ы ғана жинаған, бұл аз, - деді Өскемен әкімі Жақсылық Омар. - Қазір, мысалы, Әуезов даңғылында тек бес адам жұмыс істейді. Қалғандары қайда? Мұндай қарқынмен біз ештеңе тазалап үлгермейміз! Егер қалада 150 адам жұмыс істесе, нәтижиесі мүлдем басқаша болар еді.
Коммуналдық кәсіпорында 60 жұмыс орны әлі бос. Қала игілігі үшін тұрақты жалақы үшін еңбек еткісі келетіндер жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады.