Өскемендегі ХҚКО алдында ұзын-сонар кезек
Халыққа қызмет көрсету орталығының ішіне адамдарды топ-топпен кіргізіп жатыр
Бұл әрекетті халықтың бірі түсінсе, бірі түсінбей әлек.
- Кеше таңертең ХҚКО келдім. Кезекте тұрғандар көп болғандықтан бізді үйге қайтарып жіберді. Үш кезінде келіңдер деді. Санитарлық тазалық жүргізіліп жатқанын айтты, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Виктор Иванович.
Келгендердің кейбірі наразылық танытып жатса, енді бірі далада тұрып кезегін күтті.
- Бүгінгі күні елдегі барлық ХҚКо штаттық режімде жұмыс істеп тұр, - деп түсіндірді “Азаматтарға арналған үкімет“ МК“ КЕ АҚ ШҚОФ. - Қорғаныс шаралары қабылданды. Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында орталыққа адамдарды бірнеше адамнан кіргізу туралы шешім қабылданды.
Баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл шынымен де санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу үшін қажетті шара.