ШҚО-да мыңдаған метр балық аулау аулары жойылды
25-28 ақпан аралығында Зайсан, Тарбағатай, Күршім және Көкпекті аудандары аумағында тексеріс өтті.
Бұл күндері прокуратура, экологиялық полиция және Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман және аңшылыққа жедел әрекет ету бөлімі заңсыз балық аулауды ұнатушылар үшін нағыз текскеріс ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Зайсан, Тарбағатай және Көкпекті аудандарындағы су қоймаларын қарап, мамандар браконьерлер қалдырған бес мың метрден астам балық аулау торларын тапты. Кейін барлық балық аулау құралдары өртеніп, торға түскен балықтар суға қайта жіберілді. Бірақ бәрі де емес, кейбірін «Үміт» балалар үйіне өткізді.
Следующая →