Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Спортшылар ауылдарды аралайды

Облыстағы мықты спортшылар мен кәсіби бапкерлер ерікті түрде ауыл жастарына спорттың қыр-сыры үйрететін болды

Жобаны облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп іске асырмақ.

"Ауылда жаз" жобасы 3 бағытта: балалар үйіндегі балалармен кездесу, елді-мекендегі спорт мектептеріне аралау және спорт мектептеріне балаларды қабылдау бойынша жүзеге асыралды.

- Жоба бойынша жазда спортышлар, жаттықтырушылар ұзақ уақытқа ауылға барып балаларды оқытады, жергілікті жаттықтырушыларға дәріс өткізіп, жаттықтырады. Сондай-ақ, балалар арасында, ауыл арасында жарыс, курстар ұйымдастырады және ол жарыстар одан кейін де тұрақты өтіп тұрады, - дейді облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Денис Рыпаков.

Ең қызығы басқарма осы жоба аясында облыс орталығындағы спорт мектептеріне талантты балаларды іріктеп, спорт жолын жалғастыруға ұсыныс білдіреді.

- Бір жағынан балалардың талантын, ептілігін байқаймыз. Осы кездесуден кейін де ауылдың жас спортшыларын жаттықтырушылар облыс орталығында барлық жағдайы бар интернатқа тартатын болады. Талантты бар болса, біз кез келген уақытта спортшыларға қолдау көрсетуге дайынбыз және ашықпыз, - дейді Денис Сергеевич.

Басқарма басшысының айтуынша, жоба әсіресе облыс орталығынан 300 шақырым алшақ жатқан Тұғыл, Қалжыр, Боран, Ақжар, Ақсуат, Мақаншы сынды ауылдарға бағытталып отыр.

- 70 шақырым жердегі ауылға барып, суреттке түсіп қайтудан не ұтамыз? Иә, шалғай ауылдарда да жақсы дене шынықтыру кешендері бар, алайда оқыту жағы кемшім. Қазірде ауылдар өтініштерін жіберуде. Келген өтініштерге орай арнайы тізім жасалып, жұмыс жүргізіледі, - деп атап өтті.

Сондай-ақ Денис Рыпаков баспасөз конференциясына қатысқан журналистер қауымына да аталмыш жобаға атсалысуға шақырды. Себебі бұқаралық спортты насихаттау жұмысы ауылдар да мәз емес.

Следующая →