Өскеменде II көктемгі қайырымдылық балы өтті
Бұл шара мүмкіндігі шектеулі балалар мен спортшыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылуда
Осымен екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған қайырымдылық балы әдеттегідей жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Әдеттегідей ақ көйлек, қара костюм киген қыз-жігіттердің биінен кейін сахнаға Алексей Журавлев шықты. Оның спорттық арбадағы биі талайдың жүрегін жаулағаны сөзсіз. Ары қарай ән мен күй...
Өткен жылы бұл кештен 12 млн теңге жиналып, үш жоба ажүзеге асырылған.
- Биыл да үш жобасын ұсынамыз. Алғашқысы – "Шекарасыз өмір". Қаржыны қаладағы №15 орта мектеп базасында инклюзивті спорттық-ойын модулін салуға жұмсаймыз. Тағы екі аула клубын жартылай бейімдеуге де бөлінеді қаржы, - дейді "NIET.WOMAN"әйелдер бастамасы бірлестігі" ҚБ төрайымы Эльвира Аллахвердиева. – Екіншісі – Семей қаласындағы көзі нашар көретін балаларға арналған №3 мектеп-интернатында қазақ ұлттық аспаптар оркестрін құру үшін музыкалық аспаптар алуға.
Ал үшінші жоба – "Жарқын болашақ". "Балапан", "Айгөлек" және №13 орта мектептегі балабақшада білім алатын балаларға инклюзивті білім және тәрбие беру үшін кабинеттерді жабдықтау.
Артынша аукцион ұйымдастырылды.
Следующая →