Өскемендегі балалар стоматологиясы ана мен баланың орталығына қосылады
Шенеуніктер бұл өзгерту емхананың жұмысына әсер етпейді, ал жас пациенттерге қызмет көрсету тек жақсарады деп уәде берді
ШҚО әкімдігінің 2019 жылғы 30 қазандағы қаулысымен Балалар стоматологиялық емханасын Ана мен бала орталығына қосу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте медициналық мекеменің барлық функциялары мен қызметкерлермен еңбек қатынастары сақталады.
- Қосылу ұжым жұмысында өзгерістерге, жұмыс орындарының қысқаруына немесе жұмыс кестесінің өзгеруіне әкелмейді, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Илияс Мұхамеджан. - Дегенмен мамандарды оқыту, қажетті жабдықтар сатып алу, хирургиялық көмек көрсету, анестезиологиялық құралдарды қолдану мүмкіндіктері кеңеюде (пациентті операциядан кейінгі жарақаттан қорғауға бағытталған емдеу және диагностикалық іс-шаралар кешені - авт.).
Сонымен қатар, Балалар стоматологиялық емханасы бұрынғыдай үй-жайда қалады: Буров көшесі, 55.
Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, балаларға стоматологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін, учаскелік педиатрлық қызмет жағдайында кәсіптік тексеру жүргізу үшін ЖМК шағын ауданындағы мектептер мен балабақшалар үшін АмБО базасында қосымша стоматологиялық кабинеттер ашу жоспарлануда.