Көмек көрсету жалғасуда
Пробация қызметкерлері жазасын өтеп жатқан азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда
ШҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Солжағалау аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері пробация есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік құқықтық көрсетудің жеке бағдарламасына сәйкес көмек көрсетуді жалғастыруда.
- Мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматты Өскемен қаласының наркология бөліміне медициналық көмек алу үшін орналастыру жұмыстарын жүргізді, - дейді Солжағалау аудандық ПҚБ инспекторы әділет кіші лейтенанты Е. Төлегенов. - Сондай-ақ сотталғандардың адаспай өмірден өз орнын тауып, қоғамға бейімделуіне және қайталама қылмыстың алдын алу бойынша біршама жұмыстар атқарып жатырмыз.