Өскемен жолдарындағы мас жүргізушілер көлік тізгініне қайта отыруда
Жүргізуші куәлігінен айырылған қала тұрғындары жазадан қорықпайды және рөлге қайтадан отырады
Сонымен, 12 қаңтарда әлеуметтік желілердегі ЖКО туралы ақпараттардың арқасында Өскемен қаласының полицейлері ішімдік ішкен және рөлдің тізгінінде болған апатқа кінәліні анықтады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Мас күйінде болған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс жүргізіп, материал сотқа берілді.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Өскемен қаласының №2 соты осы іс бойынша үкім шығарды. Облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын үш жылға бас бостандығынан айырып, өмір бойы автокөлікті басқаруға тыйым салды.
Полицейлердің айтуынша, осындай оқиға 15 ақпанда да орын алды: көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 33 жастағы жүргізуші ұсталды.
Белгілі болғандай, 2018 жылы ер адам жүргізуші куәлігінен үш жылға айырылып қалған.
- Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, іс бойынша түпкілікті шешімді сот қабылдайды, - деп хабарлайды Өскемен қаласы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексіндегі жаңалықтарға байланысты ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлімі бойынша жаза бес мың АЕК (13 миллион 255 мың теңге) дейін айыппұл немесе белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе шектеу қарастырылған.