Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Екатерина Скударнова
Ақпарат көзі:
Устинка

Мал жайып жүріп адасып қалған

Жарма ауданында қой жайып жүрген малшы боранда адасып қалған. Полиция қызметкерлері, құтқарушылар мен еріктілер оны 14 сағат бойы іздеген

"Алтыбай" шаруа қожалығының қызметкері жоғалып кеткені туралы ақпарат Жарма аудандық полиция бөлімшесіне 19 ақпан күні сағат 16.41-де түскен

Полиция қызметкерлерінен көмек сұрай келген қожалық қызметкерлері қойшының таңертең 300 қойды айдап шығып, әлі қайтпағанын айтқан. Хабарды алғаннан кейін үш сағат өткен соң зідеу жұмыстары басталған.

- Іздеу жұмыстарына полиция бөлімшесінің қызметкерлері, аудандық әкімдік өкілдері, аудандық төтенше жағдайлар бойынша бөлімшенің, Семей қалалық құтқару отрядының құтқарушылары, сонымен қатар ауыл тұрғындары арасынан шыққан еріктілер жұмылдырылды, - дейді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан іздеу жұмыстары тоқтатылмады.

Тек келесі күні таңертең жоғалған қойлар табылса, сағат тоғызға таман көрші "Аружан" шаруа қожалығынан тоғыз шақырым жерден қойшының өзі де табылыпты.

Құтқарушылар хабарлағандай, қойшының жағдайы ойдағыдай, медициналық көмектен бас тартқан.

Следующая →