ШҚО азаматтарды коронавирустан қорғау шараларын қабылдауда
Қытай Халық Республикасында коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің басталуы және инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау мақсатында жағдай жіті бақылауға алынды.
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасарының шешіміне сәйкес, 2020 жылғы 20 ақпаннан бастап іс-шаралар еңгізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Шығыс Қазақстан аумағына ҚХР шекарасы арқылы келген әрбір адамды шекарада медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Егер адамда шағым болмаса, дене қызуы қалыпты жағдайда, жөтел мен тұмау болмаса, онда олар Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес обсервациялық төсекке бақылауына, емделусіз орналастырылады.
Осылайша облыс бойынша барлығы 835 обсервациялық төсек дайындалды. Сондай-ақ, облыста 1023 жұқпалы төсек және жеке 80 бокстар бар. Медициналық ұйымдар маскалармен, қолғаптармен, қорғаныш костюмдерімен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.
Следующая →
- Ағымдағы жылғы 20 ақпанда Қытай Халық Республикасынан келген адамдарды 14 күн бойы өңірлік провизорлық стационарда оқшаулай отырып, кейіннен медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында медициналық бақылау арқылы тұрғылықты жері бойынша шығарылғаннан кейін 10 күн бойы карантин, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан.Тіркелген КВИ жағдайларының саны 10 жағдайға дейін КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды тұратын жері бойынша ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 24 күн бойы МСАК-та медициналық бақылауға алынады.
- ҚХР шекарасына жақын жатқан Зайсан және Үржар аудандарында ҚХР-дан келген Қазақстан азаматтарын бақылау үшін жалпы саны 295 төсектік жеке тұрған ғимараттардағы карантинді стационарлар дайындалды. Бұл келген барлық адамдар, біріншіден біздің жерлестеріміз, екіншіден, ауру белгілері жоқ дені сау адамдар, - дейді басқарма басшысы.
Шығыс Қазақстан аумағына ҚХР шекарасы арқылы келген әрбір адамды шекарада медицина қызметкерлері тексеріп жатыр. Егер адамда шағым болмаса, дене қызуы қалыпты жағдайда, жөтел мен тұмау болмаса, онда олар Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес обсервациялық төсекке бақылауына, емделусіз орналастырылады.
- Егерде келген азаматтарды тексеру кезінде вирусты инфекция ауруының белгілері анықталса, оларды бірден инфекциялық ауруханаға жатқызады. Сондай-ақ, егер осы обсервациялық ғимараттарда карантиндегі адамдарда ауру белгілері анықталса, біз оларды оқшаулап, кейіннен емдеу үшін жұқпалы аурулар бөлімшесі мен бокстарға ауыстырамыз. Семей және Өскемен қалаларында фтизиопульмонологиялық ауруханаларында 110 орындық төсек-орын дайындалды. Керекті жағдайда Шемонаиха ауданындағы Уба санаториінде 250 орын, Алтай ауданындағы Грехово санаториінде 80 орын және Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылындағы туберкулезге қарсы диспансерде 100 төсектік бақылау ауруханалары орналастырылатын болады, - дейді Ілияс Мұхамеджан.